Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті жиырма екінші сессиясы 2025 жылғы 3 шілдеде сағат 10.00-де облыс әкімдігі ғимаратында (М.Горький көшесі, 40, 1-қабат) өтеді.
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 9.00-ден басталады.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты төрағасының есебі.
Денис Сергеевич Рыпаков - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы.
2. Шығыс Қазақстан облысында коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылыстарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету туралы ақпарат.
Арман Нағашыбайұлы Есентаев - Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.
3. Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындау жөніндегі есебі.
Руфат Бағдатұлы Акрамов - Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.
4. Әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктер, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.
Сәуле Жәдігерқызы Рахметуллина – тұрақты комиссия төрағасы.
5. Әртүрлі мәселелер.
Сессияны дайындауға жауапты адам: Олег Васильевич Чугунков, жұмыс телефоны 8(7232)71-31-94, электрондық пошта мекенжайы info@vkomaslihat.gov.kz.
Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының төрағасы Д. Рыпаков