Сессия жұмысына 9 депутат, Глубокое ауданының әкімі, Глубокое ауданы әкімінің орынбасарлары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, аудандық басқармалар мен дербес бөлімдерінің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияда келесі мәселелер қаралды:
1) Глубокое аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 19/2-VIII «Глубокое ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Глубокое ауданының халқын әлеуметтік-экономикалық қолдау жөнінде келісім жасасу туралы.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Литвиненко Евгения Николаевна сөз сөйледі, ол аудандық бюджетке енгізілген өзгерістер туралы айтты.
Екінші мәселе бойынша Глубокое ауданының Уварово ауылында орналасқан № 1 жер қойнауы, М-44-69 (10е-5в-7) блогы учаскесінде тиісті аумақта тұратын жергілікті халықты әлеуметтік-экономикалық қолдауды көздейтін келісім жасасу арқылы «РЕМДОР» ЖШС қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізуге келісім берілді.
Талқылаудан кейін шешімдер бірауыздан қабылданды.
https://www.gov.kz/memleket/entities/glubokoe-maslihat/press/news/details/1020337