2025 жылғы 12 маусымда Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХІ сессиясы өтті

2025 жылғы 12 маусымда Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХІ сессиясы өтті

Сессияға 32 депутаттың 22-сі қатысты, бұл 69%-ды құрады. Сессия жұмысына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.А. Сақтағанов, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалардың, департаменттердің, құқық қорғау органдарының басшылары, қалалық және аудандық мәслихаттардың төрағалары, қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ өкілдері қатысты.

Қалалар мен аудандардың әкімдері сессия жұмысына бейнеконференция байланысы режимінде қатысты.

Мәслихат сессиясының отырысы Интернет желісінде онлайн режимінде (LIVE) көрсетілді. Трансляцияға сілтемелер облыс әкімдігі мен мәслихатының сайттарында орналасқан.

Депутаттар «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 19/142-VІІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселені қарап талқылады. Қаралған мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.

Сессия алдында облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХІ сессиясына енгізілген «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 19/142-VІІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасын қарау бойынша мәслихаттың уақытша комиссиясының отырысы болып өтті. Қаралған шешім жобасы бойынша уақытша комиссияның қорытындысы қабылданды.