2024 жылғы 11 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

2024 жылғы 11 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1, 5-тармақтарына және 11-бабының 1-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында келесі жобалар қаралып, талқыланды және ұсыныстар берілді.

- «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 19/142-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының шешімінің жобасы;

- «Шығыс Қазақстан облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылықта пайдалану режимі туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қарашадағы No 322 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысының жобасы;

- Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы No 393 «Шығыс Қазақстан облысының су объектілері мен су шаруашылығы объектілерінде бұқаралық демалыс, туризм және спорт үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» облыстық әкімдігінің қаулысының жобасы.

«2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының қызметі туралы есебі» тыңдалды.