Іс – шараға облыс әкімі Н. Сақтағанов, облыстық мәслихат төрағасы Д.Рыпаков, облыстық басқармалардың, облыстық мәслихаттың, жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Салтанатты бөлім барлық қатысушылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындауынан басталды. Мемлекеттік қызметке кіретін жас қызметкерлер ант берді.
Облыс әкімі қатысушыларды мерекемен құттықтап, жас қызметкерлерге мемлекеттік қызметке адал болып, халық пен Отанға құрметпен және жауапкершілікпен қызмет етулерін тіледі.