Құрметті қазақстандар!

Құрметті қазақстандар!

Бүгін еңселі еліміздің айшықты белгісі болып табылатын мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен құттықтаймыз!

Көк ту, алтын Елтаңба мен асқақтаған Гимніміз бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялататын құндылықтар. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы.

Жас ұрпақтың намысын оятып, патриоттық сезімдер ұялататын – рәміздер мерекесі құтты болсын, көк байрағымыз бейбіт аспан астында желбірей берсін!

 

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты