Әлеуметтік – мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті

Әлеуметтік – мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 20 мамыр күні әлеуметтік – мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өткізілді. Отырыста төрағалық еткен тұрақты комиссия төрағасы Борис Лаврентьев. Жиынға облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев, облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібінде келесідей мәселелер қарастырылды:

  1. Батыс Қазақстан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2024 жылғы және а.ж.1 тоқсанында атқарылған жұмысы туралы есебі;
  2. Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық – инновациялық даму басқармасының 2024 жылы атқарылған қызметі туралы есебін тыңдау, а.ж. атқарылған жұмысы және бағдарламалардың орындалуы туралы болды.

Отырыс барысында тұрақты комиссия мүшелері мен облыстық мәслихат депутаттары тарапынан әлеуметтік саладағы көптеген мәселелер көтеріліп, хаттамаға енгізілді. Жергілікті жерде шешімін әлі де таппай жүрген бірқатар проблемалық сұрақтар, алдағы уақытта министрліктер тарапына жолданатындығы жөнінде айтылды.