Бюджет, өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті

Бюджет, өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті

Мамыр айының 16-сы күні Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының бюджет, өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы ұйымдастырылды.
Тұрақты комиссия отырысы Ербол Салықовтың төрағалығымен өткізілді.
Басқосуға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекеме басшылары, Орал қаласының әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде келесідей мәселелер қарастырылды:
1. БҚО экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған шаралар туралы (Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы, жасыл екпелер, шөлейттенумен күрес, тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу, ауаны ластаушы заттар бойынша);
2. Батыс Қазақстан облысының өзен-көлдері және су қоймаларының сумен қамтамасыз етілу мәселесі;
3. Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының киік мәселесі туралы есебін тыңдау.

Тұрақты комиссия отырысының күн тәртібіндегі барлық қарастырылған мәселелер қатысушылар тарапынан егжей – тегжейлі талқыланды. Әр көтерілген басты мәселе хаттамаға енгізіліп, тиісті құзыретті мекемелермен бірлесіп, рейдттік, зерттеулік жұмыстар жүргізілетіндігі жөнінде тілге тиек етілді. Шешімін таппаған мәселелер көп, дегенмен біртіндеп шешілетіндігіне кәміл сенеміз.