Жоба ҚР ҰҚК Шекара қызметінің тапсырысы аясында жүзеге асырылды. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Нариман Төреғалиев, "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Талғат Тұрлыбаев, тапсырыс берушілер, зауыт қызметкерлері, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары мен қала тұрғындары қатысты.
"Семейдің" су ығыстырылымы 70 тоннадай, теңіз дауылына да төтеп береді. Көлік браконьерлікпен күресу міндеттерін орындау үшін арнайы жасалған. Жобалау кезінде маневрлік және жауынгерлік тиімділігі де ескерілген.
15 адамнан тұратын кәсіби экипаж Жайық өзенімен қарт Каспийге аттанды