Орал қаласында Қытай Халық Республикасы кәсіпкерлерінің көрмесі өткізілді

Орал қаласында Қытай Халық Республикасы кәсіпкерлерінің көрмесі өткізілді
Облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовтың және Қытай Халық Республикасының өкілі, «Zhongzhi Maysen Company» (Жонжи Майсен Компани) бас директоры Жао Фейдің, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқкаевтың, облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен Батыс Қазақстан облысында Қытай Халық Республикасы кәсіпкерлерінің көрмесі ұйымдастырылды.
Қытай Халық Республикасының ауыл шаруашылығы және езге де өнімдерді өндіру және қайта өңдеу, шағын бизнес жобаларын ашу үшін шағын құрал - жабдықтарын өніріміздің, кәсіпкерлеріне таныстырып, екі ел арасында ынтымақтастық орнатуға қолайлы жағдай құруға
бағытталған көрме көпшілік назарға таныстырылды.
Екі ел арасындағы ынтымақтастық, мызғымас достық пен өзара қолдауға негізделген. Мақсаттары бір, екі жақты қарым-қатынасты
жақсарту, өңіріміздің экономикасын дамытуға бағытталған.