Қазақстан Республикасының Заңнамасы мен даму үрдістеріне сәйкес, 2025 жылдың 20-26 сәуір аралығында Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Габдуалиев Мереке Литва Республикасында «Study tour to Lithuania» тақырыбындағы білім беру сапарында болды. Сапардың мақсаты - 1993 жылдан бұрын салынған көпқабатты тұрғын үйлердің энергосыйымды модернизациясын жүзеге асырудағы Литва Республикасының тәжірибелерін зерттеу.
Жобаның бір серіктесі болып табылатын «Қазақстандағы Парламентаризмді дамыту қоры» Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының алғашқы мәслихаттарының бірі ретінде ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған.
Депутат Габдуалиев Мереке «Қазақстандағы Парламентаризмді дамыту қоры» халықаралық сарапшысы болып табылады және заң жобаларын әзірлеу барысында сараптамалық-талдау жұмыстарымен айналысады.