Әлеуметтік - мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссия отырысынан басталды. Отырыста төрағалық еткен тұрақты комиссия төрағасы Борис Лаврентьев. Басқосуға тұрақты комиссия мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік басқарма басшылары қатысты. Күн тәртібінде келесі мәселе карастырылды:
1. Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің
есебі.

”Облыста барлығы 563 мектепке дейінгі ұйым (325 балабақша, 62 «мектеп-балабақша» кешені, 176 шағын орталық), оның 180-і жекеменшік мектепке дейінгі ұйым (балабақша-178, шағын орталық-2 ) жұмыс істесе, оларда 34 мыңға жуық бала қамтылған.
2 мен 6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту 91%-ды, 3 пен 6 жас - 100%-ды құрайды.
Барлығы 124 мыңнан астам оқушы контингентімен 378 мектеп болса, оның ішінде 2 200 оқушы контингентімен 12 жеке мектеп бар.
15 мыңға жуық студент контингентімен 35 колледж болса, оның 9-ы жеке колледждер, олардағы студенттер саны – 5 540.
Департаменттің негізгі қызметтерінің бірі білім беру ұйымдарының қызметін лицензиялау.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 40- бабы 2-ші тармағына сәйкес лицензиялауды талап ететін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін білім беру ұйымдарының бiлiм беру қызметiмен айналысу құқығына лицензия алған сәттен бастап ие болады.
Облыстың білім сапасын қамтамасыз ету саясатын қалыптастыру, Мемлекет басшысының, Үкіметтің және Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмаларын іске асыру бойынша мақсатында Департаментпен облыстық білім басқармасымен, білім беру бөлімдерімен бірлескен қызметтер жалғастырылатын болады”-деді өз баяндамасында Зәуре Гумарова-БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы.