Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының үлкен залында облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының  үлкен залында облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті

       Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының  үлкен залында облыстық мәслихаттың    тұрақты комиссияларының  бірлескен отырысы болып өтті.  Отырысқа   облыстық  мәслихаттың депутаттары,   тиісті облыстық басқармалар басшылары     қатысты.

       Бірлескен отырысты   облыстық мәслихаттың төрағасы М.Мұқаев     жүргізді.

   Күн тәртібінде  облыстық мәслихаттың кезекті  3-ші сессияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.

Облыс әкімінің  орынбасары Т.Каюпов  Батыс Қазақстан облысының  2022 жылға арналған облыстық бюджетінің атқарылуы  жөніндегі жылдық есебі  туралы баяндама  жасап, 2022 жылдың қорытындысы бойынша облыстық бюджеттің негізгі көрсеткіштертеріне,   бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін айтып өтіп, игерілмеген қаражат көлемінің 1,9 пайызды құрап отырғандығын және  оның негізгі себептеріне  тоқталып өтті.

Облыс бюджетінің  атқарылуы туралы қосымша баяндама жасаған БҚО тексеру комиссиясынң төрағасы  Ә.Қадырбеков      өз ақпаратында   тексеру комиссиясының қызметіндегі басым бағыттардың бірі - Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтарын анықтау ғана емес, сонымен қатар кемшіліктердің алдын алу және жою екендігін, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша тиісті шаралар қабылданғандығын, өткен жылдармен салыстырғанда облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық тәртібі жақсарғанын,  бұзушылықтардың басым бөлігі процессуалдық сипатта болып, бюджет қаражатын жымқыруға қатысты заң бұзушылық фактілерінің жоқтығы  туралы айтып өтті.

Бюджеттің орындалуын талқылау барысында депутаттар   автомобильдік жолдар құрылысына бөлінген қаражаттың жеткіліксіздігі, бағаның қымбаттауына байланысты ЖСҚ- түзетулер енгізуге ұсынылған құжаттардың кешіктірілуі, мердігерлердің жауапкершілігі, Орал жылу   қуаттың құбырлары  туралы мәселелерді  көтерді.

Депутаттар облыс бюджетінің  атқарылуы туралы есепті қатерге  алып, сессияның күн тәртібіне   шығаруды қолдады.

Сонымен қатар, бұдан басқа күн тәртібіндегі облыстағы кейбір  білім беру ұйымдарына атау беру, кейбір  ауылдарды қайта атау сияқты мәселелермен қатар, ауылдық жерлерге  жұмысқа баратын жас  мамандарға бюджет қаражаты есебінен  әлеуметтік қолдау  көрсетудің мөлшерін анықтау қағидасын бекіту  туралы мәселе де депутаттар тарапынан қолдау тапты. Бұл орайда, депутаттар  болашақта алыс  шалғай аудандарға  баратын жас мамандарға төленетін көтермеақының мөлшерін көбейту туралы ұсыныстарын жеткізді.

 Сондай-ақ күн тәртібіндегі  өзге де ұйымдастыру мәселелері қаралып, сессияның күн тәртібіне  бекітуге ұсынылды.