Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және білім мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті

Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және  білім мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті

Ағымдағы жылдың 21 қыкүйегі күні облыстық  мәслихаттың  әлеуметтік- мәдени  даму және  білім мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті.

Отырысқа  облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қонысбаева, комиссия мүшелері Б.Ізмағамбет, Ж.Жақсығалиев, БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Б.Күзембаева, БҚО  білім басқармасының  басшысы А.Мыңбаева, Орал қаласының білім беру  бөлімінің  басшысы А.Темірханова қатысты.

Отырысты комиссия төрайымы А.Салиева  жүргізді.

Күн  тәртібінде  «БҚО  білім саласындағы сапаны  қамтамасыз ету  департаментінің  ақпараты» және  «Білім беру саласындағы кейбір проблемалық мәселелер»  туралы  мәселелер қаралды.

БҚО білім саласында  сапаны қаматамасыз ету департаментінің басшысы Б.Күзембаева  өз ақпаратында, департамент тарапынан  жаңа оқу жылына  жүргізген мониторинг қорытындылары туралы айтып өтіп, оның ішінде  мектептердің  материалдық-техникалық  базасының  жағдайы, ағымдағы және күрделі  жөндеу жұмыстарының  жүргізілуі, балалардың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары және «Оқуға құштар мектеп»  жобасы аясында атқарылған  іс-шараларға тоқталып өтті. Сонымен қатар, Б.Күзембаева  мектептегі  кітапханашылардың жалақыларының  төмендігі, интерактивті тақталардың  жиі  істен шығуы, мұғалімдердің біліктілігін арттырудан өткен кезеңіндегі іс сапар шығындарының  өтелмегендігі, мұғалімдердің кадр резервтерінің қалыптаспағандығы  туралы проблемаларды тілге тиек етті.

Отырыс барысында депутаттар  тарапынан  балалардың  мектептен тыс уақытта қосымша білім беру ұйымдарындағы үйірмелерге тегін баруы,

мектептердің құрылысы,  интернет желісі, бейне бақылау камерасы, «дабыл» нүктесін интернет қосымшасына қосу, мектептердегі су мәселесі туралы сұрақтар көтерілді.

Отырысты қорытындылаған депутаттар  көтерілген мәселелерді заң аясында қарастыру  үшін жұмыстардың ары қарай жалғасатындығын осы орайда, тиісті министрліктерге қарастыру мен шешу жөнінде хаттардың жолданатындығын жеткізіп  БҚО білім басқармасына осы тұрғыда  тапсырма берді.