Облыстық мәслихаттың қаржы, бюджет және аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті

Облыстық мәслихаттың қаржы, бюджет және аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты  комиссиясының отырысы болып өтті

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кіші залында облыстық мәслихаттың қаржы, бюджет және аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Отырысқа облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева, комиссия мүшелері Ф.Бахтиозин, Е.Хасанов, С.Ескендіров, облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәдени-даму және білім мәселелері бойынша тұрақты комиссияның төрайымы А.Салиева, облыстық мәслихаттың даму және кәсіпкерлік мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары Д.Галиметденова, БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, басқармасының, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның БҚО бойынша филиалының, «Жайықжылуқуат» АҚ -ның өкілдері қатысты.

Комиссия отырысын комиссия төрағасы Ф.Бахтиозин жүргізді.

Күн тәртібінде «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның мәселесі қаралды.

«Жайықжылуқуат» АҚ -ның басшысы Қ.Мусин қазіргі таңдағы қалыптасып отырған жағдайды түсіндіріп, ыстық судың айтылған мерзімде берілмей қалу себебін, жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қосымша жұмыстардың шығып қалу себебімен түсіндіріп, қазіргі таңда қалыптасып отырған проблеманың шешілгендігі туралы , «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-на бережақ қаражатты жылдың соңына дейін кесте бойынша төленетінідігі туралы қысқаша айтып өтті.

Депутаттар «ҚазТрансГазАймақ» АҚ тарапынан жергілікті атқарушы және өкілді органмен ашық диалогтың жоқтығын, облыс аумағындағы жедел шаралар алу туралы проблемаларды өз аумағымызда шешу, ұлттық операторлардың жұмыстары, газтурбина, газ құбырларын беру туралы мәселелерді көтерді.

Комиссия жұмысын қорытындылаған депутаттар отырыста көтерілген мәселелер туралы депутаттар атынан орталық «ҚазТрансГазАймақ» АҚ- на және Парламент депутаттарына хат жолдауға шешім қабылдады.