Облыс әкімі Ғ.Есқалиевпен бірге облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева Казталов, Жәнібек, Бөкейордасы, Жаңақала аудандарына іс- сапармен барды

Облыс  әкімі Ғ.Есқалиевпен  бірге облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева  Казталов, Жәнібек, Бөкейордасы, Жаңақала аудандарына   іс- сапармен барды

Ағымдағы жылдың  13-14  қыркүйек күндері облыс  әкімі Ғ.Есқалиевпен  бірге облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева  Казталов, Жәнібек, Бөкейордасы, Жаңақала аудандарына   іс- сапармен барды.

Жұмыс сапарларын  Казталов ауданынан бастаған  өлке  басшылары,  600 орындық  мектеп құрылысының    жұмысымен  танысып, одан әрі  Қароба ауылына барып,  ауыл тұрғындарымен кездесті. Ауыл тұрғындары тарапынан  округтегі   техникалық су,  ауыз су,  жол, ауылішілік жолдар мен  жаяу  жүргінші  жолдарын салу,  дәрігерлік амбулаторияның  ахуалы туралы  мәселелер көтерілді.  Өңір басшылары   тұрғындар қойған сауалдарға егжей-тегжейлі   жауап беріп,  округ  тұрғындарына жеке қабылдаулар  жүргізді.

Одан  әрі басшылар   Жәнібек ауданына жол тартып,  Жақсыбай ауылындағы су тасқыны кезінде зардап шеккен тұрғындарға салынып жатқан екі пәтерлі үш және бір пәтерлі бір тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты.  Мердігері – «Жайық Сити» ЖШС болып табылатын құрылыстың жалпы құны – 183 млн 347 мың 301 теңгені құрайды. Тұрғын үйлерді қазан айында пайдалануға беру жоспарлануда, одан бөлек су тасқынынан зардап шеккен 30 тұрғын үйдің  барлығына     жөндеу жұмыстарын жасалынған.   Сондай-ақ, ауылдағы айналма жолдар мен Ақадыр елді мекеніндегі аспалы көпірді күрделі жөндеуге  және  Жақсыбай сайы арқылы өтетін жаяу адамға арналған көпірді  де қалпына келтіру жұмыстарына   қаражат бөлініп, жұмыстар жүруде.

Құрылыс басында облыс  басшылары  ауыл ақсақалдары және тұрғын үй иелерімен кездесіп, тілдесіп,    Жәнібек - Талов - Кіші өзен бағытындағы 2-27, 27-33, 33-48 шақырым және Қамысты ауылына кіреберіс жолдың күрделі жөндеу жұмыстарын көрді.

Сонымен қатар,  басшылар   Ұзынкөл ауылдық округіндегі   орта мектепке ат басын тіреп,    мектептің жай-күйімен,  тыныс-тіршілігімен танысып,  ауылдық  мәдениет    үйінде      ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.

Одан әрі, өлке басшыларының  жұмыс сапарлары  Бөкейордасы ауданында жалғасып,  аудан тұрғындарымен кездесіп,  республикалық маңызы бар Өнеге-Бисен-Сайқын тас жол құрылысының басына барып, құрылыс барысына жауапты мердігерлермен кездесіп, жұмыс бағытымен танысты.      Әрі қарай,  Бисен аулында  ауыл тұрғындарымен кездесіп,  тұрғындар    тарапынан қойылған  жол,  құмның көшуі,  электр бағаналарының тозуы туралы қойылған  сұрақтарға   жауап беріп, жеке қабылдаулар өткізді.

Өңір басшыларының іс сапарлары Жаңақала ауданында  тәмамдалды.

 

Бұл жерде басшылар Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.  Кездесу ашық форматта еркін түрде болып өтті.

Тұрғындар тарапынан шабындықтарға уақытында су беру жұмыстарының баяулығы, электр жүйесіндегі  олқылықтар, мектеп, балабақшаның күрделі жөндеуі,  дәрігерлік амбулаторияларды  жөндеу мен  құрылысы,  жедел жәрдем көліктерінің  жетіспеушілігі, кірме жолдардың сын көтермейтіндігі жөнінде бірнеше ұсыныстар мен  өтініштер айтылды. Облыс әкімі Ғ.Есқалиев   аталған мәселелерді зерделеп, тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.   Сұрақ-жауап форматында өткен жиынның соңы басшылардың  азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауымен жалғасты.