Аграрлық комиссия отырысы болып өтті

Аграрлық комиссия  отырысы  болып өтті

Бүгін  облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және табиғат пайдалану мәселелері  бойынша тұрақты комисиясының отырысы  болып өтті.

Комиссия отырысына     комиссия мүшелері   Ғ.Нұрмұханов,  видео байланыс арқылы И.Габдуллин, И.Илемисов,  БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, «Казсушар» РМК, «Жайықгидрогеология» ЖШС-нің өкілдері         қатысты.

Отырысты комиссия төрағасы  С.Жарылғапов жүргізді.

Күн тәртібінде  БҚО елді мекендерді сумен қамту, «Жайықгидрогеология» ЖШС-гін қаржыландыру,  жағалауларды бекіту, Тасқала  ауданы  Тасқала ауылы  аумағындағы Деркөл   өзенінің арнасын  түзету мен  тазарту  жұмыстарына ЖСҚ –қа қаражат бөлу туралы    мәселелер қаралды.

БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары    Б.Хайруллин  елді мекендердің  шаруашылық-ауыз сумен  жабдықтау арқылы   олардың су қауіпсіздігіне қол жеткізіліп отырғандығын,   осы ретте  Бәйтерек ауданы Серебряков, Бөрлі  ауданындағы  Ақбұлақ, Бөкейордасы  ауданындағы Аймекен жер асты  су кен орындарында су қорын  қайта барлау  жұмыстарының  басталғандығын айтып, әр  нысанға қаншалықты қаражат қаралғандығына  тоқталып өтті. Сондай-ақ,   жағалауды бекіту  жұмыстарын  жүргізу үшін  нысаналы  трансферттер арқылы  республикалық бюджет есебінен  2 жоба  қолға алынғандығын, ол жоба бойынша  Жайық өзенінің  3 км жағалауын  бекіту көзделгендігі айтылды.

Өз кезегінде «Қазсушар» РМК  бас гидротехнигі Ш.Ермағанбетов каналдарға су жіберіліп жатқандығын,  биылғы келіп жатқан судың өткен жылғымен салыстырғанда бір  жарым есе көп екендігін, сол себепті елді мекендерді толықсумен қамтып отырғандығын, десек те Ресей  елінен келіп жатқан суға  әлі де қарыздың бар екендігін жеткізді.

Сондай-ақ, «Жайықгидрогеология» ЖШС директорының міндетін атқарушы Ж.Тайкенов  қаражаттың  жоқтығынан  іздестіру, барлау жұмыстарының  тоқтап тұрғандығын, 2022 жылы жоспарланған жұмыстардың  уақтылы аяқталуы  үшін  жер асты  су қорының 4 кен орындарындағы  су қорын қайта   бағалау  жұмыстарын  қаржыландыру қажет екендігін айтып өтті.

Отырыс барысында сонымен қатар, Тасқала ауданындағы   Тасқала ауылы  аумағындағы Деркөл   өзенінің арнасын  түзету мен  тазарту  жұмыстарының ЖСҚ-тын   жасақтауға   60 млн қаражат керек екендігі де айтылды.

Комиссия төрағасы С.Жарылғапов  көтерілген мәселелер  бойынша  БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесіп, облыс әкімдігіне  қосымша қаражат көзін қарастыру туралы хат  дайындау керек деген ұсынысын жеткізді.