Батыс Қазақстан облысының қоғамдық Кеңесі облыс әкімі Ғ.Есқалиевтің есебін тыңдады

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық Кеңесі облыс әкімі Ғ.Есқалиевтің  есебін тыңдады

Бүгін  облыс әкімі Ғ.Есқалиев облыстық қоғамдық Кеңестің алдында есеп берді.

Кеңеске облыстық мәслихаттың хатшысы  Б.Қонысбаева, облыстық  департамент, басқармалардың  өкілдері, БАҚ қатысты.

Кеңес жұмысын  Кеңес төрағасы Е.Салықов жүргізді.

Кеңес жұмысы  облыс әкімінің облыстың  әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебіне сәйкес    қоғамдық кеңес мүшелерінің әкімге қойған  сұрақ-жауаптары   негізінде оздырылды.

Отырыс барысында кеңес мүшелері тарапынан  білім, денсаулық сақтау, спорт, «Жол картасының» орындалуы, киік, жер,   спорт және балалар алаңын салу, «Қауіпсіз аула», қаланы жарықтандыру мен аялдамалар салу, ауылдардағы толық емес  мектептердің білім сапасы,    аудандардағы ССК (ФОК)   құрылысы,    туризмді дамыту,   қоғамдық бақылау топтарын құру,  «Қоғамдық Кеңестер туралы» Заңға өзгерістер енгізу,  аудандардағы жол, көпір  мәселесі, халықтың білімділігін көтеру,  әлеуметтік жобалар,   цифрландыру,  мемлекеттік сатып алу,  құрылыс материалдары мен азық-түліктің, жол ақысының қымбаттауы  туралы мәселелерді көтерді.

Облыс әкімі  Кеңес мүшелері  қойған сұрақтардың барлығына дерлік  тұщымды жауап қайтарып,  кейбір мәселелерді қадағалауға алатындығын жеткізді.