Бүгін облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және табиғат пайдалану мәселелері бойынша тұрақты комисиясының отырысы болып өтті

Бүгін  облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және табиғат пайдалану мәселелері  бойынша тұрақты комисиясының отырысы  болып өтті

Комиссия отырысына   облыстық мәслихат хатшысы  Б.Қонысбаева, комиссия мүшелері М.Жәкібаев, Ғ.Нұрмұханов, И.Илимесов, И.Габдуллин,   БҚО ауылшаруашылығы  жер ресурстарын басқару департаментінің, ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармаларының, аумақтық инспекция  және облыс көлеміндегі астық өңдеу мен   қабылдау  комбинаттарының  өкілдері қатысты. Отырысты комиссия төрағасы  С.Жарылғапов жүргізді.

Күн тәртібінде  егін ору науқанының барысы, астық өңдеу комбинаттарының дайындығы  мен  жерге қатысты  мәселелер қаралды.

Батыс Қазақстан облысының ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары  Д.Умашев  облыс бойынша егін ору науқанының барысы туралы  баяндап өтіп,  жалпы облыс бойынша ауылшаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы  586,2  мың га құрап отырғандығын, бүгінгі таңда   облыс бойынша жиналатын  202,6 мың га дәнді дақылдар алқабының,  57,2 мың га  орылып,  17,1 ц/га  орташа  өнімділікпен  98,1 мың тонна  өнім алынғандығын жеткізді.

Отырыс барысында,   депутаттар тарапынан  субсидия, нан бағасының қымбаттауы,  астық өңдеу  комбинаттарының  жұмысы,  алдын-ала  жем балансын жасақтау, басқа елдерге  экспорт  астық  дақылдары туралы   мәселелер бойынша комбинат басшыларына  сұрақтар қойып, пікір алмасты.

Күн тәртібіндегі  жер    мәселесі бойынша БҚО-ның 2022 жылдың  өткен мерзімінде  жердің пайдалануы мен қорғалуын  мемлекеттік  бақылауды  жүзеге асыру мақсатында  атқарылған жұмыстар  бойынша БҚО жер ресурстарын    басқару департаменті  басшысының орынбасары Т.Нұрахметов  қысқаша ақпарат беріп өтті.

Т.Нұрахметов өз сөзінде нысаналы және ұтымды пайдаланылмай жатқан  ауылшаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін мемлекет  меншігіне қайтару және қайта экономикалық айналымға енгізу туралы  айтып өтіп,  жергілікті атқарушы органмен бірлесіп,  жыл басынан бері  облыс бойынша  69501,5 га ауылшаруашылы  жер учаскесінің  мемлекет меншігіне қайтарылғандығын, пайдаланбаған жерді қайтару туралы профилактикалық  түсіндірме жұмыстарының жүргізіліп жатқандығына тоқталды.

БҚО жер қатынастары басқармасының  басшысы М.Өміралиев БҚО бойынша   305 мың га  құрайтын  ауылшаруашылығы мақсатындағы  338  субьектіге  тиесілі  жерлердің анықталып,  тексеру үшін  облыстық департаментке жолданғандығын баяндады.    Депутаттар  осы орайда, жерді игеру, қайтару, сату, иесін ауыстыру мәселелерін  көтерді.

Отырысты қорытындылаған   С.Жарылғапов  ағымдағы жылдың 15 тамызына дейін,  БҚО  жер қатынастары басқармасына  аудандар бойынша  қанша жердің игерілген, игерілмегендігі, жер пайдалану құқығын ауыстыру туралы  ақпаратты жеткізуге  және БҚО ауылшаруашылығы басқармасына   «КазАгроЭкспертиза» АҚ –на қатысты тұқымның сапасы  туралы  мәліметті  облыстық мәслихатқа  жолдау туралы ұсынысын жеткізді.