«БҚО-да тұтынушылар санаттары бойынша электр энергиясына тарифтерді саралауды алып тастау бойынша пилоттық жоба» тақырыбында кеңес болып өтті

«БҚО-да тұтынушылар санаттары бойынша электр энергиясына тарифтерді саралауды алып тастау бойынша пилоттық жоба»  тақырыбында  кеңес болып өтті

Бүгін облыстық мәслихаттың үлкен залында «БҚО-да тұтынушылар санаттары бойынша электр энергиясына тарифтерді саралауды алып тастау бойынша пилоттық жоба»  тақырыбында  кеңес болып өтті.

Кеңеске ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігі төрағасының орынбасары Р.Н.Ахметов бастаған делегация,  облыстық басқармалар басшылары,   коммуналдық  және энергетика саласының  директорлары,  облыстық мәслихаттың депутаттары Ф.Бахтиозин, Д.Галиметденова А.Салиева, С.Жарылғапов,  А. Мерғалиев «Атамекен» аймақтық  кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық кеңестердің,  БАҚ өкілдері  қатысты.

Кеңесті  БҚО  энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы М.Нұртазиев жүргізді.

Кеңес барысында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігі төрағасының орынбасары Р.Н.Ахметов  жиналғандарға   тұтынушылар санаттары бойынша электр энергиясына тарифтерді саралауды алып тастау бойынша пилоттық жобаның басталуы және  мемлекет тарапынан төленетін   коммуналдық  қызметке төленетін атаулы  тұрғын үй көмегі туралы  ақпарат беріп өтті.

Сондай-ақ,   әр сала өкілдері   электрмен жабдықтаудағы   бағаны қалыптастыру, БҚО –да атаулы  тұрғын үй көмегін көрсету, тұтынушылар   топтары арасында  электрмен  жабдықтау тарифтерін  ішінара  теңестіру пилоттық жобасы туралы     қосымша ақпараттар берді.

Кеңеске қатысушылар  ұсынылып отырған пилоттық  жобаны талқыға  салып, өз ұсыныстарымен бөлісті.