Сенаторлар Тасқала, Бәйтерек аудандарына іс сапармен барды

Сенаторлар Тасқала, Бәйтерек аудандарына іс сапармен  барды

Ағымдағы   жылдың 22 шілде күні Парламент Сенатының депутаттары Н. Төреғалиев пен Л.Рысбекова және облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Қонысбаева  Тасқала, Бәйтерек аудандарына іс сапармен  барды.

Сенаторлар алдымен Тасқала ауданының   Ынтымақ ауылындағы   шағын орталықта болып, тұрғындармен кездесті.

Содан соң, Бірлік ауылының қасындағы «Taskala Et - BKO» ЖШС-ның бордақылау алаңының жұмысымен, одан әрі аудан орталығындағы   дене шынықтыру    сауықтыру кешенінің,  Пушкин көшесіндегі 18 пәтерлі 3 қабатты үйдің құрылысымен танысты.

Аудан тұрғындары үшін  маңызы  зор  Деркөл өзенінің су тасқыны кезіндегі қауіпті учаскелері көрсетіліп, алдағы уақытта төтенше жағдай болғызбау үшін көмек қажеттілігі айтылды.

Сондай-ақ,  сенаторлар  Мерей ауылында болып, сол жердегі мектептің  күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, ауыл тұрғындарымен кездесіп,   көтерген мәселелеріне  жауап берді.

Бәйтерек ауданында жалғасқан жұмыс сапарлары Переметный ауылдық округі Калинин ауылындағы ауылдық клубтын күрделі жөндеу жұмысымен танысудан басталды. Одан әрі сенаторлар Переметный ауылындағы аудандық мәдениет үйінде тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында жұмыспен қамту, геосаяси жағдай, ауыл шаруашылығы саласына мамандар тарту туралы мәселелер көтерілді.

Сондай-ақ,   Переметный Белес жолы құрылысының жұмысымен танысып, Белес   ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде   тұрғындар тарапынан Белес ЖОББМ күрделі жөндеуден өткізу,   Белес ауылдық округі аумағында орналасқан ірі компаниялардың    төлеп отырған салық түсімінің бөлігін Белес ауылына немесе Бәйтерек ауданына қалдыру туралы ұсыныстарымен бөлісті.

Сапар барысында сонымен қатар, Матевосян ШҚ атқарып жатқан жұмыстарын көріп, Дариян ауылының халқымен кездесті. Кездесуде ауыл тұрғындары  азық-түліктің қымбаттауы, мектептерді күрделі жөндеуден өткізу,  ауылішілік жолдарды жаңарту  туралы мәселелерді көтерді.