Облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәдени-даму және білім мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті

Облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәдени-даму және білім мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті

Ағымдағы жылдың  13 мамыры күні облыстық мәслихаттың   әлеуметтік мәдени -даму және білім  мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының   отырысы  болып өтті.

Комиссия отырысына  «Amanat» партиясының мүшесі, облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева,     облыстық мәслихаттың   әлеуметтік мәдени -даму және білім  мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының  төрайымы А.Салиева, комиссия мүшелері Ш.Өтебалиева, С.Сүндетова, БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, ҚР Еңбек  және әлеуметтік  қорғау  министрлігі БҚО бойынша еңбек әлеуметтік  қорғау  және көші-қон  департаментінің,  БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау, БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, БҚО білім  басқармаларының және  облыстық  білім саласы бойынша кәсіподақ   өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде    «Білім басқармасының  және  жұмыспен қамтуды  үйлестіру және әлеуметтік  бағдарламалар саласындағы проблемалық мәселелері» туралы қаралды.

БҚО  білім басқармасы басшыларының айтуынша, ең өзекті мәселе -«Аманат» партиясының Сайлауалды бағдарламасы Жол картасында белгіленгендей,  облыстағы 63  мектептерді модернизациялау,   мектептен тыс  орталықтарды жөндеуден өткізу,  балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін қосымша қаражат қарастыру, инклюзивті мектептердің аздығы    проблемасы   болып отыр.

Облыстық білім саласының кәсіподақ  басшылары осы орайда, облыс көлемінде  осы кезге дейін  мұғалімдердің  сауықтыру  жәрдемақысының алмағандығын,    операторларды оқыту проблемаларының қалыптасып отырғандығын жеткізді.

Облыстық мәслихат депутаты  С. Сүндетова  Ақжайық ауданы, Тайпақ аулындағы  мектептің күрделі жөндеуді қажет екендігін айтып,  қаражат бөлінуі туралы мәселе көтерді.

Әлеуметтік мәселеге қатысты көтерілген  мәселе - әлеуметтік  жәрдемақы туралы болды.

Депуттаттар тарапынан   қазіргі таңда халық тұтынатын азық-түлік,  өндіріс тауарларының қымбаттауына байланысты,  адамдарға берілетін әлеуметтік жәрдемақының  көлемін ұлғайту,   арнайы әлеуметтік бағдарлама жасақтау қажеттігі туралы өз ұсыныстарымен бөліссе,  БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары министрлікке ұсынып отырған жобаны қолдау,   бөлінетін гранттар,  II топтағы бала жастан мүгедектерге  жәрдемақы тағайындау туралы ұсыныстарын жеткізді.

Отырысты қорытындылаған депутаттар,   тиісті  сала  басшыларына  ҚР  Еңбек  және әлеуметтік  қорғау  министрлігі мен ҚР Білім министрліктеріне  отырыста айтылған ұсыныстарды жинақтап   жіберу  үшін,  облыстық мәслихатпен бірлесіп жұмыстану туралы тапсырма берілді.