Облыстық Қоғамдық Кеңестің мүшелері ҚР Парламенті Сенатының депутаты Л.Рысбекова және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Имашевамен кездесті

Облыстық Қоғамдық Кеңестің мүшелері ҚР Парламенті Сенатының депутаты Л.Рысбекова және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Имашевамен кездесті

Кеше   облыстық мәслихатта  Облыстық Қоғамдық Кеңестің мүшелері ҚР Парламенті Сенатының депутаты Л.Рысбекова және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Имашевамен кездесті. Кездесуге сондай-ақ, «Аманат» партиясының мүшесі, облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева қатысты.

Кездесу барысында, Сенат  және Мәжіліс депутаттары ҚР Конституциясына  енгізілетін өзгерістерге   қатысты  өтетін референдум туралы талқылады.  Сонымен қатар, кері байланыс  ретінде қоғамдық кеңес және депутаттар атынан заң жобаларын талқылау кезінде, жергілікті өкілді органдардың, яғни мәслихат депутаттарының, сарапшылардың, қоғамдық кеңестің мүшелерінің міндетті түрде  қатысуы туралы  ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ, Қоғамдық Кеңес мүшелері атынан тұрғын үй құрылысы, тозығы жеткен электр жүйелерін жаңғырту, конституциялық сот, адамдардың құқықтарын қорғау туралы мәселелер талқыланды.