ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Төреғалиев бейнебайланыс арқылы ашық алаң ZOOM форматында орталық атқарушы органдардың қатысуымен отырыс өткізді

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Төреғалиев бейнебайланыс арқылы ашық алаң ZOOM форматында  орталық атқарушы органдардың қатысуымен отырыс өткізді

 Кеше облыстық мәслихаттың үлкен залында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Төреғалиев бейнебайланыс арқылы ашық алаң ZOOM форматында  орталық атқарушы органдардың қатысуымен отырыс өткізді.

 Отырысқа  облыстық мәслихаттың  хатшысы Б.Қонысбаева, облыстық мәслихат депутаттары Ф.Бахтиозин, А.Ликеров, А.Рубцов, БҚО жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары, БҚО құрылыс, БҚО мемлекеттік сатып алу, БҚО энергетика  және тұрғын үй-коммуналдық басқармаларының басшылары және облысымыздағы  техникалық қадағалау және  құрылыс компанияларының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында қатысушылар тарапынан    мемлекеттік сатып алу ережесіне  өзгерістер енгізу, салық төлемдерінің коэффиценті,  құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты ЖСҚ-қа енгізілетін  түзетулер,   жергілікті  жердегі  шағын, орта бизнесті қолдау,   қаржыландыру кезінде аумақтық  белгілерін     ескеру, қаржы тұрақтылығы, техникалық қадағалау компанияларына жауапкершілікті күшейту  туралы мәселелерді көтерді.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Төреғалиев  отырысты қорытындылай келе, облыстық мәслихат тарапынан  көтерілген мәселелер бойынша ұсыныстарды және облыстағы  соңғы жылдары  тұралап қалған құрылыс компаниялары туралы ақпаратты жинақтап, мемлекеттік сатып алу ережесіне өзгерістерді  талқылау барысында ескеру үшін,   БҚО  мемлекеттік  сатып алу басқармасымен бірлесіп өзінің атына және ҚР Қаржы министрлігіне   хат жіберу қажеттігін айтып, сондай-ақ  ҚР Қаржы министрлігі өкілдерінің  БҚО-на   келіп, бизнес өкілдерімен кездесуін ұйымдастыру  туралы  ұсынысын жеткізді.