Облыстық мәслихаттың қаржы, бюджет және аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті

Облыстық мәслихаттың қаржы, бюджет және аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті

Кеше Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кіші залында облыстық мәслихаттың  қаржы, бюджет және аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті.

Комиссия отырысына облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева, комиссияның мүшелері Ф.Бахтиозин, А.Ликеров, С.Ескендіров, Е.Хасанов, БҚО  экономика және бюджеттік жоспарлау, БҚО білім басқармасының,  БҚО мемлекеттік кірістер  және БҚО қаржы басқармаларының  өкілдері   қатысты.

Комиссия отырысын облыстық мәслихаттың қаржы, бюджет және аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы М.Мұқаев жүргізді.

Күн тәртібінде «Облыстық бюджеттің кіріс  бөлігін талдау және №8,№9 мектептерді күрделі жөндеуден өткізу  туралы» мәселелер қаралды.

Айта кетер болсақ,  жалпы  №8,№9  қала мектерін күрделі жөндеуден өткізу мәселесі  осыған дейін де тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстарында, салалық комиссияның отырысында  №8 мектептің ата-аналарының қатысумен қаралған болатын. Сол жерде, облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қонысбаева  мектептерді күрделі жөндеу үшін қосымша қаражат көздерін іздестіру бойынша бюджет комиссиясында  бөлек қарау туралы ұсыныс айтқан болатын, сонымен қатар   № 9  ЖОБМ   «Аманат» партиясының  сайлауалды Жол картасы  бағдарламасында көзделген, соның нәтижесінде, мектептер мәселесі бүгінгі  бюджет комиссиясының  күн тәртібінде қаралып, жалғасын тауып отыр.

Отырыс барысында  БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы  А.Абенова  облыс бюджетінің  кіріс бөлігіне қатысты  мәлімет беріп өтті.

Депутаттар облыс бюджетіне   қатысты  қосымша кіріс көздерін анықтау қажеттігін атап өтіп,  әсіресе қаладағы №8 ЖОБМ, №9 ЖОБМ мектептерді түпкілікті  жөндеуден өткізуге қажетті қаражат көзін табу туралы өз ұсыныстармен бөлісті.

БҚО білім басқармасының   басшысы А. Мыңбаеваның мәлімдеуінше, жалпы облыс бойынша  күрделі жөндеуге жататын 86 ЖОБМ болса, соның 22  -нің ЖСҚ дайын,   соның ішінде Орал қаласындағы  №8,№9  мектептерді  күрделі жөндеуден өткізу мәселесі, кезек күттірмейтін өзекті мәселе болып отыр.

Отырыс барысында сондай-ақ, депутаттар тарапынан,  салық төлеу, газ құбырларын тиісті пайдаланушы ұйымдарға заңға сәйкес берілуі,   қосымша  салық  төлемдерін  ұлғайтуға мүмкіндік беру, жаңа салынған  ғимараттың өз құнына сәйкес келмеуі   туралы мәселелер көтерілді.

Комиссия отырысын  қорытындылаған депутаттар, облыстық бюджеттің қосымша табыс көздерін,  резервтерді іздестіру бойынша бөлек жұмыс тобының құрылатындығын жеткізді және екі мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін,  атқарушы билік  органдарының өкілдеріне нақты қаражат көзін іздестіріп, аталмыш мәселені келесі сессияға шығару жөнінде  тапсырма берілді.