Облыстық мәслихаттың кіші залында Е. Салықовтың төрағалығымен Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының бюджет және өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Облыстық мәслихаттың кіші залында Е. Салықовтың төрағалығымен Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының бюджет және өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Облыстық мәслихаттың кіші залында Е. Салықовтың төрағалығымен Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының бюджет және өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев, облыстық мәслихат депутаттары, М. Маметова атындағы Орал халықаралық әуежайының бас директоры, облыстық басқарма және құзырлы мекемелердің басшылары қатысты.

Күн тәртібінде Орал қаласынан жүзеге асырылатын ішкі және халықаралық әуе рейстерінің қазіргі жай-күйі талқыланды.

Жиын барысында қолданыстағы әуе бағыттарының жұмысы, рейстердің орындалу барысы, жолаушылар ағыны, авиакомпаниялармен өзара іс-қимыл мәселелері және әуе қатынасын одан әрі дамыту бағыттары қарастырылды.

Орал-Атырау бағыты бойынша тұрақты әуе қатынасы стратегиялық маңызға ие. Қазіргі уақытта олардың арасында тікелей теміржол қатынасы жоқ, ал жолаушылар ағыны негізінен әуе және автомобиль көлігі арқылы жүзеге асырылады.

Автомобиль жолында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, жол жағдайы күрделі күйінде қалып отыр және жол-көлік оқиғаларының деңгейі жоғары. Әуе қатынасының болмауы автожолға түсетін жүктемені арттырып, апаттылық тәуекелін күшейтуі мүмкін.

Аталған бағыт елдің екі ірі өнеркәсіптік өңірін байланыстыратын маңызды көлік дәлізі болып табылады. Осыған байланысты өңірлер арасындағы көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықтың мобильділігін және іскерлік белсенділікті қолдау мақсатында қалалар арасы бойынша әуе рейстерін қайта жандандыру мүмкіндігін қарастыру орынды екені жеткізілді.

Сондай-ақ, Астана және Алматы бағыттарына күзден бастап қосымша рейстер енгізу бойынша нақты ұсыныстар айтылып, шешімін табатын болды.

Бұдан бөлек, әуежайдағы жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында терминалдан ұшаққа тікелей өтуді қамтамасыз ететін жабық телескопиялық дәліз орнату мәселесі де талқыланды.

Сонымен қатар өңір тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау, жаңа бағыттарды ашу мүмкіндіктерін қарастыру, рейстердің тұрақтылығын қамтамасыз ету және қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланып, М. Маметова атындағы халықаралық әуежайы басшылығына депутаттар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды. Жиын соңында көтерілген мәселе бойынша нақты тапсырмалар мен тиісті ұсынымдар берілді.