
Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен соңғы отырысы өтті.
Жиынға Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаев қатысты. Отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Парламенттің кезекті сессасының аяқталуы Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы тұтас бір кезеңнің қорытындысы екенін атап өтті. Сондай-ақ Президент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және алдағы институционалдық реформалардың басым бағыттарына тоқталып, жаңа Конституцияның күшіне енуімен Қазақстанның мемлекеттік құрылымы жаңа кезеңге қадам басатынын айтты.