БҚО-да Семиглавый Мар станциясы пайдалануға берілді

БҚО-да Семиглавый Мар станциясы пайдалануға берілді

БҚО-да Семиглавый Мар станциясы пайдалануға берілді

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының 110 жылдық тарихы бар. Жаңадан салынған нысан салтанатты түрде пайдалануға берілді.

Оған аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаев, БҚО мәслихат депутаттары, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ақтөбе магистралды желі бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Жайлаубай Серғали қатысты.

Жаңа вокзал жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған заманауи талаптарға сай жабдықталған. Нысанның пайдалануға берілуі өңірдің көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға серпін беріп, тұрғындар мен жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.