
«AMANAT» партиясы жанындағы Саяси менеджмент академиясы депутаттар мен партия мүшелеріне арналған арнайы білім беру бағдарламасын өткізді. Аталған жоба өңірлердегі партия жұмысының сапасын арттырып, халықпен өзара байланысты нығайтуды мақсат етеді.Бүгінде депутаттар қоғам мен билік арасындағы маңызды байланыстырушы буынға айналды. Осыған байланысты олардың кәсіби деңгейін көтеру, қоғамдық коммуникацияны тиімді жүргізу және нақты мәселелерді шешуге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізу аса маңызды.Бағдарлама аясында қатысушылар заманауи басқару тәсілдерін игеріп, көшбасшылық қабілеттері мен шешім қабылдау дағдыларын дамытады. Сонымен қатар депутаттық және партиялық қызметте халықпен ашық байланыс орнату, қоғамдық сұраныстарды саралау және жұмысты тиімді ұйымдастыру бағыттарына басымдық беріледі.