Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс 24-сессиясы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс 24-сессиясы
Ағымдағы жылдың 06 сәуір күні облыс әкімінің орынбасары Тлепберген Каюпов қатысуымен және облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаевтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс 24-сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде өңір үшін маңызды бірқатар мәселелер қаралды:
🔹 Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия құрамына өзгерістер енгізу;
🔹 Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын жаңарту;
🔹 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамына өзгерістер енгізу;
🔹 Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2025 жылғы атқарған жұмыстарының есебі;
🔹 Ауызсу тарифіне қатысты бұрынғы шешімнің күшін жою мәселесі;
🔹 Жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту;
🔹 Құрылыс нысандарының тізбесіне толықтыру енгізу;
🔹 Жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларына өзгерістер енгізу;
🔹 Облыстық тексеру комиссиясының мүшесін тағайындау.
Сессия барысында әр салаға жауапты басқарма басшылары баяндама жасап, ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты талқыланды.
Қабылданған шешімдер өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, инфрақұрылымды жетілдіруге және заңдылық пен тәртіпті нығайтуға бағытталған.
Алдағы уақытта да облысымыздың тұрақты дамуы үшін жүйелі жұмыстар жалғасын табады.