Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев төрағалық еткен отырысқа облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораз, облыстық мәслихат депутаттары, тұрақты комиссия мүшелері және мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының өткен жылғы атқарған қызметінің қорытындылары тыңдалды.
Жиында тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз етуге қатысты қолданыстағы шешімнің күшін жою, алдағы жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту мәселелері де қаралды. Бұдан бөлек, құрылыс саласына қатысты бірқатар жобалар, толық аяқталатын құрылыс нысандарының тізбесіне толықтыру енгізу, сондай-ақ жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларына өзгерістер енгізу ұсынылды.
Сондай-ақ, облыс бойынша тексеру комиссиясының мүшесін лауазымға тағайындау мәселесі қаралды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті ұсыныстар берілді. Жиын қорытындысы бойынша қаралған сұрақтар алдағы аптада өтетін кезектен тыс 24-ші сессияның қарауына жолданды.