Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс 23-ші сессиясы өтті

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс 23-ші сессиясы өтті

Ағымдағы жылдың 28 қаңтар күні Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Отырыста тұрақты комиссия төрағасы Ербол Салықов төрағалық етті. Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкай, облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекеме  басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде инфрақұрылымдық жобалар, жер қатынастары, тарихи-мәдени мұраны пайдалану, сумен жабдықтау саласына қатысты және өзге де ұйымдастырушылық мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.