Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссия отырысында бірқатар мәселелер қаралды

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссия отырысында бірқатар мәселелер қаралды
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа тұрақты комиссия төрағасы Борис Лаврентьев төрағалық етті. Отырысқа облыстық мәслихат депутаттары, комиссия мүшелері және мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.
Отырыс барысында күн тәртібіне сәйкес бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, «Толық бітіріп берілетін құрылыс» жүйесі бойынша іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалар тізбесіне өзгерістер енгізу, облыстық мәслихаттың кейбір шешімдерін жою, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгілеу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, ауыз суды өрт сөндіруге пайдалану кезінде сумен жабдықтау ұйымдарының шығындарын өтеу, ауызсу тарифтерін субсидиялауға қатысты ұсыныстар, сондай-ақ зейнеткерлік жасқа толуына байланысты тексеру комиссиясы мүшесін лауазымынан босату туралы мәселе қаралды.
Комиссия отырысында Орал қаласындағы «Ақжайық» тұрғын ауданының көліктік қолжетімділігін арттыруға бағытталған көпір өткелі бар автомобиль жолының құрылысы жобасы таныстырылып, оны «Толық бітіріп берілетін құрылыс» жүйесі арқылы жүзеге асырудың тиімділігі атап өтілді.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті ұсыныстар мен қорытындылар қабылданды.