БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА БІРҚАТАР МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА БІРҚАТАР МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының бюджет, өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа тұрақты комиссия төрағасы Ербол Салықов төрағалық етті. Іс-шараға облыстық мәслихат депутаттары, комиссия мүшелері және мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелер:
«Толық бітіріп берілетін құрылыс» жүйесі бойынша инфрақұрылымдық жобалар
Атап айтқанда, Орал қаласындағы «Ақжайық» тұрғын ауданына қосымша көлік қатынасын қамтамасыз ету мақсатында көпір өткелі бар автомобиль жолын салу жобасы талқыланды.
Жоба көлік жүктемесін азайтуға, қаланың көше-жол желісін дамытуға және Жәңгір хан көшесіндегі кептелістерді төмендетуге бағытталған.
Қазіргі кезеңде техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде.
Жобаны бір мердігер арқылы іске асыру мерзімдерді қысқартуға, сапаны арттыруға және шығындардың өсу тәуекелін азайтуға мүмкіндік береді.
Жер комиссиясын тарату туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 4 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, жер учаскелерін беру кезінде жер комиссиялары институтын жою көзделген.
Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы жер комиссиясын тарату туралы қаулы жобасы әзірленді.
Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелері
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгілеу туралы мәслихат шешімінің жобасы қаралды.
Мөлшерлемелер ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы бұйрығына сәйкес айқындалады.
2026 жылға арналған жұмыс жоспары
Облыстық мәслихаттың бюджет және өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.