Қоғамдық тыңдау өтті

Қоғамдық тыңдау өтті

Ағымдағы жылдың 12 қаңтар күні Батыс Қазақстан облыстық тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы форматында қоғамдық тыңдау өтті.

Тыңдау барысында облыстық коммуналдық меншікке қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесі бар серіктестікті жекешелендірудің орындылығы, сондай-ақ білім беру саласына тиесілі пайдаланылмай отырған ғимарат, мәдени-білім беру мекемесінің теңгеріміндегі мүлік және автокөліктерді сауда-саттыққа шығару мәселелері талқыланды.

Жиынға облыстық мәслихат депутаттары, тиісті басқарма өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, мекеме басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы шешімдер міндетті түрде жария тыңдау арқылы қабылданады. Осы орайда бүгінгі қоғамдық тыңдау ашықтықты қамтамасыз етуге және қоғам пікірін ескеруге бағытталды.

Талқылау нәтижелері алдағы уақытта тиісті шешімдер қабылдау барысында ескерілетін болады.

🔹 Ашықтық
🔹 Қоғамдық бақылау
🔹 Заң талаптарын сақтау

Қоғамдық тыңдаулар алдағы уақытта да жалғасады.