Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті 22-ші сессиясы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті 22-ші сессиясы
Ағымдағы жылдың 15 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті 22-сессиясы өтті. Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев төрағалық еткен сессия отырысына облыс әкімі Нариман Төреғалиев, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат депутттары, аудандық мәслихат төрағалары, мемлекеттік мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияда 2026 – 2028 жылдарға арналған облыстық бюджет және бюджетаралық трансферттерге қатысты маңызды мәселелер қаралды.
Күн тәртібіне енгізілген шешім жобалары аудандар мен облыстық маңызы бар қаланың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, мемлекеттік кепілдік берілген қызметтерді қаржыландыруды теңестіруге және жергілікті бюджеттердің дербестігін арттыруға бағытталған.
Сондай-ақ бюджет және салық заңнамасындағы өзгерістердің өңірлік деңгейде іске асырылу тетіктері, әлеуметтік міндеттемелерді орындау, жергілікті атқарушы органдардың функцияларын қаржыландыру мәселелері талқыланды.
Жиын барысында депутаттар тарапынан сауалдар қойылып, бюджет қаражатын тиімді пайдалану бағытында ұсыныстар айтылды.