Тұрақты комиссия отырысы

Тұрақты комиссия отырысы

Ағымдағы жылдың 10 желтоқсан күні облыстық мәслихаттың бюджет және өңірлік даму және әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияларының кезекті отырыстары өтті. 

Күн тәртібінде — 2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын талқылау.

Аталған отырыстарға облыстық мәслихат  депутаттары облыстың бірнеше ірі саласына жауапты басқармалардың баяндамаларын тыңдады. Атап айтқанда:

БҚО стратегия және экономикалық даму басқармасы, БҚО мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы, БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, БҚО денсаулық сақтау басқармасы, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ БҚО бойынша филиалы, БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы өз салалары бойынша алдағы үш жылға жоспарланған қаржыландыру бағыттары, негізгі көрсеткіштер, жоспарлы шығыстар және өңірлік жобалардың орындалуы туралы ақпарат ұсынды. Баяндамаларда салалардың даму жоспарлары, бюджеттік қажеттіліктер, әлеуметтік міндеттемелерді орындау, медициналық қызметтердің сапасын арттыру, жұмыспен қамту шаралары, спорт инфрақұрылымын дамыту және коммуналдық саладағы басым бағыттар қаралды. Комиссия мүшелері ұсынылған материалдарды жан-жақты талқылап, сала мамандарына нақты сұрақтар қойды. Депутаттар бюджеттік процестің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар ескертулер мен ұсыныстар енгізді.Талқылау нәтижелері алдағы сессияда қаралатын облыстық бюджет жобасын қалыптастыру барысында ескерілетін болады.