Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс 21-сессиясы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс 21-сессиясы
Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың кезектен тыс 21-сессиясы өтті. Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев төрағалық еткен сессия отырысына, облыс әкімі Нариман Төреғалиев, облыс әкімінің орынбасары, облыстық мәслихат депутаттары, басқарма басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде 13 мәселе қаралып, әр бағыт бойынша алдын-ала отырыстар өткізіліп, маңызды талқылаулар жүргізілген болатын.
Депутаттар тарапынан облыс әкіміне тікелей сауалдар қойылып, барлық сұрақтарға нақты әрі толық жауаптар берілді.
Отырыс соңында облыс әкімі өңірдің даму басымдықтарына тоқтала отырып, «Барлық жұмыстардың іске асуына облыс жұртшылығы мен өздеріңіздің қосқан үлестеріңіз өте зор. Биылғы және алдағы жылдардағы жоспарымызды орындау үшін бар күш-жігерімізді жұмсап, Мемлекет басшысы және Үкімет қойған міндеттерді абыроймен атқарамыз деген сенімдемін»-деп отырысқа қатысушыларға өзінің алғысын білдерді.