Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Жиын барысында өңірдің әлеуметтік, қаржылық және қоғамдық салаларын қамтитын бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
2025–2027 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу мәселесін
комиссия мүшелеріне бюджетті нақтылау және алдағы кезеңге арналған қаржылық жоспарлау бағыттары таныстырылды.
2025–2027 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау іс-шаралар жоспарын бекіту бойынша,
жоспарда өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау бағыттары қамтылды.
Психологиялық қолдау көрсету әдістемелік орталығы қызметкерлерінің жалақыларына үстемеақы белгілеу ретінде ұсыныс кадрлық тұрақтылықты қамтамасыз ету және мамандардың еңбегін ынталандыру мақсатында қаралды.
Ауылдық және қалалық жерлерге жолданған медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау жүйесін бекіту мәселесі денсаулық сақтау саласына білікті мамандар тартуды күшейту, тұрғындарға медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Комиссия отырысында қаралған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірленіп, олар облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін болады.