БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ
Облыстық мәслихаттың бюджет және өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Отырысты комиссия төрағасы Ербол Салықов жүргізді. Жиынға облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекеме басшылары, тиісті сала мамандары қатысты.
🔸Басқосу барысында бірқатар маңызды мәселелер қаралып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін шешімдер талқыланды.
2025 жылға арналған облыстық бюджеттің қарашадағы нақтылауы тыңдалды.
Негізгі бағыттар бойынша қосымша шығыстар:
— Медицина мамандарына әлеуметтік қолдау;
— Медициналық жабдықтар сатып алу;
— Театр ғимаратын реставрациялау;
— Білім нысандарына авторлық қадағалау;
— Жайық өзенінің жағалауын бекіту;
— Жайық–Шалқар каналы бойынша жұмыстар;
— Суға қолжетімділікті субсидиялау;
— Дәрігерлерге қызметтік үй;
— “Қаладан – ауылға” жобасы;
— Апатты үйлердің тұрғындарына пәтер сатып алу;
— Орал қаласындағы көпқабатты үйлердің құрылысын жалғастыру;
— Федоровка–Ақсай жолын жөндеу;
— Бірқатар аудандық кірме жолдарды жөндеу.
🔸Әлеуметтік маңызы бар облысішілік автобус бағыттарының тізбесін жаңарту мәселесі қаралды.
«Автомобиль көлігі туралы» Заңға және Әділет министрлігінің жаңа талаптарына сәйкес, облыстың бұрынғы шешімін жарамсыз деп танып, әлеуметтік маңызы бар бағыттардың жаңа тізбесін бекіту қажеттігі туындады.
Бұл өзгерістер: тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау, халыққа қолжетімді қатынасты сақтау, ауылдар мен аудан орталықтарына жаңа маршруттар ашуға мүмкіндік береді. Соңғы жылдары субсидияланбаған бағыттарды тасымалдаушылар өз есебінен қамтамасыз етіп келгені атап өтілді.
🔸Тексеру комиссиясы туралы Ережеге өзгеріс енгізу мәселесі қаралды.
Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы жаңа нормативтік қаулысына сәйкес, облыстық мәслихаттың 2016 жылғы Ережесіне өзгеріс енгізу қажеттігі ұсынылды.
🔸Психологиялық қолдау орталығы қызметкерлерінің жалақыларына ынталандыру үстемеақысын белгілеу мәселесі қаралды.
Педагог-психологтардың еңбекақысының төмендігін ескере отырып, жергілікті бюджет есебінен: қызметкерлердің лауазымдық жалақысына 50% мөлшерінде ынталандыру үстемеақысы белгілеу ұсынылды.
🔸Медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру
Өңірдегі кадр тапшылығын азайту мақсатында, бұрынғы қаулының күшін жойып,
медициналық мамандарға әлеуметтік қолдаудың жаңа тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы шешім қабылдау ұсынылды.
Бұл ауылдық жерлерге барып қызмет ететін жас мамандарды ынталандыруға және өңірдегі денсаулық сақтау жүйесінің сапасын арттыруға бағытталған.
Отырыс қорытындысы бойынша барлық мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына жіберілетін болды.
БҚО тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған әр шешім – өңір дамуының маңызды қадамы.