Ағымдағы жылдың 31 қазан күні Тұңғыш Президенті алаңында Төтенше жағдайлар органдарына арнайы техниканың кілтін табыстау салтанатты рәсімі өтті.
Іс-шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР ТЖ министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев, облыстық мәслихат депутаттары
Турарбек Тлемисов,
Борис Лаврентьев,
Сержан Идиятов,
Ақылбек Сағитов, қала әкімі Мұрат Байменов, жеке құрам мен сала ардагерлері қатысты.
Күні кеше, елімізде 30 жылдық төл мерекесін атап өткен Төтенше жағдайлар министрлігі бүгінде техникалық базасы заманауи құрылғылар мен арнайы техникаларға толы ауқымды ведомствоға айналды. Еліміздегі төтенше жағдайларға қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүретін құтқарушыларға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетіліп келеді. Біздің өңірімізде де, Департамент бөлімшелерінің базасы талапқа сай жаңа техникалармен жаңартылуда. Оған, бүгінгі салтанатты шара дәлел. Бүгінгі күн - тек жаңа техниканың табысталуы емес, бұл – мемлекетіміздің төтенше жағдайлармен күрес саласына деген қамқорлығы мен қолдауының белгісі. Жаңа техниканың құтқарушыларға сенімді серік болуын, ал құтқарушыларымыздың әрқашан өз міндеттерін абыроймен атқаруын тілейміз.