Ағымдағы жылдың 3 қазан күні облыс басшысы Нариман Төреғалиев, облыстық мәслихаттың төрағасы Мұрат Мұқаев ауылға арнайы келіп, жаңа баспанаға ие болған Фархат Шайхиев пен Лаура Ғұбайдоллаеваның отбасына үй кілтін табыстады. Қоныс той иелеріне мал сертификаттары да сыйға берілді.
Ауылдағы мектепке де арнайы бас сұғып, ұстаздармен, оқушылармен кездесті. Ауыл тұрғындарының жаңа мектеп салу туралы өтінішін тыңдады. Ауылдықтар өз күшімен 100 орындық мәдениет үйін салып, ынтымағы жарасқан қауым ретінде танылды.
Жоба ауыл өмірін жандандырып, тұрғындарға жұмыс пен баспана тауып беруге үлкен мүмкіндік болып отыр.