Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссия төрғасы Борис Лаврентьевтің төрағалығымен облыстық мәслихат депутаттарының, полиция департаментінің, облыстық мекемелердің қатысуымен комиссия отырысы өткізілді.
Басқосудың күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша БҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Е. Сұлтанғалиев: «2024 жылғы Президенттің халыққа жолдауының аясында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру, Заң үстемдігін орнату, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық сана мен мәденитетті қалыптастыру мақсатында біздің тарапымыздан жұмыстар атқарылып келеді. Сонымен қатар Ішкі істер министрінің 2025 жыл - Құқық бұзушылықтың алдын алу жылы деп белгілеуіне орай, облыс Әкімімен қосымша жоспар бекітіліп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағыттаған іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Атап айтқанда, Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен әріптестік жасап қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес облыс әкімінің қолдауының арқасында, материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етілді. Ішкі істер министрлігі тарапынан жасақталған әкімдіктер және мәслихаттармен тығыз іс-қимыл жасасудағы ұйымдастырушылық іс-шараларының нәтижесінде Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті «Заң мен тәртіп» аясында алдына қойылған міндеттерді, құқықтық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етудегі барлық тапсырмаларды орындауға дайын екенін және оң нәтижелерге қол жеткізетіне сенім білдіремін»-деді өз баяндамасында.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі нормаларының бұзылуына және еңбек заңнамасы бойынша түсінік беру мәселесіне байланысты, 2025 жылдың (2024 жыл) өткен мерзімі ішінде барлығы 1 090 (853) арыз-шағым мен өтініш тіркелді, оның ішінде: жеке тұлғалардан – 1 038 (766) арыз-шағым, заңды тұлғалардан – 52 (87) өтініш келіп түсті.
Еңбек заңнамасының бұзылу фактілері бойынша 117 (92) тексеру жүргізілді.
Жүргізілген тексерулердің барысында 139 (110) заң бұзушылық анықталды, соның ішінде:
- еңбек қатынастары бойынша – 130 (104);
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 9 (6);
Заңбұзушылықтарды жою туралы 91 (75) нұсқама берілді, заңбұзушылықтарға жол берген тұлғаларға қатысты 47 (76) әкімшілік іс қозғалып, 10,554 млн. теңге (11,435) айыппұл салынды (2024 жылы – 50 ескерту берілген).
Елдің тұрақты дамуы көбіне еңбек ресурстарының жағдайына байланысты, сондықтан жазатайым оқиғалардың алдын алу және қызметкерлерді қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету, Еңбек инспекциясының ерекше бақылауында екендігі отырыс барысында айтылған болатын.
Күн тәртібіндегі маңызды сұрақтардың бірі – жастар мәселелері. Облыстық жастар ресурстық орталығы жастарды қолдау бойынша бірнеше жобаны жүзеге асыруда. Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс бөлімі 2025 жылдың ІІI тоқсаны бойынша жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қолдау мақсатында «Жас маман» жобасын 15 рет өткізіп, 2734 жасқа қызмет көрсеттілді. Кәсіптік даярлау және түлектердің еңбекке бағдарлануы бойынша «Болашағың өз қолыңда» жобасы 20 рет өткізіліп, 3604 жас қамтылды. «Жастарға жұмыс!» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі облыс бойынша 9 рет ұйымдастырылып, 9713 жасқа кеңес берілді. Сондай-ақ, «Жастарға кеңес» жобасы іске асырылып, 4562 жас қамтылғандығы жөнінде мәлімдеме жасалды. Жастардың атқарып жүрген шаралары, игі бастамалары жетерлік. Осы орайда, орталықтың жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін үлкен автокөлік алу қажеттілігі туындап отырғандығын тілге тиек еткен болатын.
Өңірдегі спорт саласының дамуы мен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде облыстық мәслихат депутаттарына баяндама жасалды. Өңір тұрғындарының дене шынықтыру мен спортқа сұранысын қанағаттандыру мақсатында облыста 1563 спорттық құрылым жұмыс істейді.
Соңғы екі жылда облыста 41 спорт алаңы (2023 жылы - 24 алаң, 2024 жылы - 12 алаң, 2024 жылы - 5 алаң), 3 хоккей қорапшасы (2024 жылы – 3 қорап), 1 спорттық манеж (2024 жыл) және 8 спорттық кешен (2023 жылы – 2 кешен, 2024 жылы – 6 кешен, 2025 жылы – 2 кешен) пайдалануға берілді.
Соның ішінде жеке кәсіпкерлердің қолдауымен екі спорт кешені (Орал қ.-2) және бір спорттық манеж (Бөрлі-1) салынды делінді.
Сонымен қатар, тұрақты комиссия отырысына Орал қаласындағы жолаушылар тасымалы мәселесіне қатысты қалалық мәслихат депутаттары арнайы шақырылып, осы сұрақ аясында екіжақты талқылаулар жүргізілді.
Күн тәртібіндегі барлық сұрақттар хаттамаға енгізіліп, кезең- кезеңімен, мерзімдеріне қарай шешіледі.