Ағымдағы жылдың 29 тамыз күні Астана қаласында «Senat Open-2025» республикалық турнирі өткен ұйымдастырылды. Еліміздің 20 аймағынан 3 мыңнан аса адам қатысқан бәсті биік бәсекенің финалында 215 шахматшы шеберлік жарыстырды. Олардың қатарында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, еңбек ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер және БАҚ саласының өкілдері болды. Тартысты ойындар нәтижесінде Батыс Қазақстан облысы құрамасы командалық есепте І орын иеленді.
Республикалық чемпиондарды аймақ басшысы Нариман Төреғалиев құттықтап, алғыс хаттар табыстады.
Шара соңында естелік суретке түсіп, жеңісті күндерде жолығуды тілек етіп қоштасты.