2015 жылы туған баланы ток соққандығы жөніндегі оқиға баршамыздың есімізде. Оқиғаның мән - жайы бойынша бала подстанция төбесінде қалып қойған допты алып, жерге тастаған. Төмен түсе бергенде, тоққа түсіп қалған болатын.
Жағдайы ауыр, денесінің 95 пайызы күйіп қалған бала тәуір бола алмай көз жұмды.
Осы ауыр жағдайды қайғыра естіген облыстық мәслихат депутаттары да бей-жай қалмады. Сол мекен - жайдағы үйдің маңына балаларға арналған заманауи, төбесі арнайы тормен жабылған спорттық футбол алаңын сыйға тартқан болатын.
Облыстық мәслихат депутаттары сол жердегі тұрғындармен тілдесіп, бірқатар сұрақтарға жауап берді.