Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы
Ағымдағы жылдың 25 тамыз күні Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізілді. Батыс Қазақстан облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев төрағалық өткен отырысқа облыс әкімінің орынбасары Тлепберген Каюпов, облыстық мәслихат депутаттары, комиссия мүшелері қатысты.
Отырыс барысында Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсанындағы №16-1 "2025 - 2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Батыс Қазақстан облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың қағидаларын белгілеу туралы және Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесін лауазымға тағайындау туралы мәселелер қарастырылды.
Күн тәртібіндегі сұрақтар мен нақты ұсыныстар хаттамаға енгізілді.