
Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының бюджет, өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өткізілді. Ербол Салыковтың төрағалығымен өткен жиынға облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев, облыстық мәслихат депутаттары, комиссия мүшелері, мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
Облыстың автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6183 км құрайды. Оның ішінде: Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары–1349 км. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары – 4834 км.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Республикалық маңызы бар автожолдардың нормативтік жағдайдағы үлесі – 83%, жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі – 56% құрады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша 250,8 км жол жөнделді. (қайта жаңарту - 41,5 км, күрделі жөндеу - 103,8 км, орташа - 105,5 км).
2025 жылы облыста жергілікті маңызы бар жолдарда және «Ауыл – ел бесігі» (23 жоба) бағдарламасы бойынша 260,7 км ден астам жолды жөндеу жоспарлануда. Асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 15 елді-мекеннің ауылішілік жолдарын 38,8 км асфальтбетонды жабынмен қамтамасыз ету күтілуде. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ауылішілік автожолдардың 13 шақырымында асфальт-бетон жабынын орнату жұмыстары аяқталғандығы жөнінде БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Куаншалиев комиссия мүшелеріне баяндап берді. Өңірдегі жол мәселесіне қатысты туындаған бірқатар сауалдар депутаттар тарапынан да комиссия мүшелері тарапынан да егжей – тегжейлі талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныстар мен ескертпелер хаттамаға енгізілетін болады.