Меню

Страницы

Статья

Ғабдуалиев Мереке Тілекұлы

Ғабдуалиев Мереке Тілекұлы 1981 жылғы 18 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дүниеге келген. Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр. Ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы. 

Орал Еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясын (1998-2002 жж.), «Құқықтану» мамандығын, «заңгер» біліктілігін, күндізгі бөлімді бітірген. «Конституциялық құқық; Конституциялық сот процесі; муниципалдық құқық» мамандығы бойынша заң ғылымдарының кандидаты. АҚШ Мемлекеттік департаментінің Қазақстан Республикасы үшін «муниципалды басқару және заңнама» тақырыбындағы бағдарламасының түлегі. АҚШ, Нью-Йорк штаты, 2013 жылғы желтоқсан. «Нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа     қарсы сараптамасы» бағдарламасының түлегі, Австрия, Вена қаласы 2019 жылғы қараша. «Әкімшілік құқық» бағдарламасының түлегі. ГФР, Висмар Шығыс институты, 2019 жылғы тамыз – қыркүйек.

ЕҚЫҰ-ның гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі сарапшысы.

2002 жылғы қыркүйектен 2008 жылғы тамызға дейін Орал Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында заңгер, оқытушы, доцент, құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, заң факультетінің деканы (2008 жылғы ақпанда қайта ұйымдастырылғаннан кейін – Еуразия академиясы) ретінде еңбек қызметін атқарды.

2011 жылдың қыркүйек-қараша айлары аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық  кафедрасының аға оқытушысы, заң факультеті деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2011 жылғы қарашадан 2018 жылғы мамырға дейін – конституциялық, әкімшілік құқық және мемлекеттік басқару бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, бас сарапшы-бөлім бастығы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама институтының конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері.

Еңбек қызметі заң жобаларының тұжырымдамаларын, заңнамалық актілердің жобаларын әзірлеумен, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдарға консультациялық қызметтер көрсетумен, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатында заң жобаларын ғылыми-құқықтық сүйемелдеумен байланысты болды.

2018 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Батыс Қазақстан адвокаттар алқасының адвокаты.

Мемлекеттік наградалары: «Қазақстан  Ресnубликасының Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалі; ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 20 тамыздағы Жарлығымен, «Әділет органдарын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті әзірлеуге белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің грамотасы (2014 ж.), ҚР Парламенті Сенаты төрағасының заң шығару қызметіне қосқан үлесі үшін алғысы (2021 ж.).

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, құқықтық актілер, қоғамдық кеңестер, мемлекеттік жастар саясаты, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс және т. б. мәселелер бойынша заң жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарының мүшесі.

Заң журналдары мен мерзімді басылымдардағы ғылыми еңбектері мен жарияланымдары, «Қазақстан Республикасының муниципалдық құқығы» оқулығының, монографияның авторы.

«Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестердің қызметі» туралы  Мемлекет басшысына арналған Ұлттық баяндаманың бірлескен авторы.

Парламентаризм, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, Діни қызмет бостандығы, нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы мәселелері бойынша талдамалық анықтамалардың, баяндамалардың және т. б. авторы.

Дата публикации
18 апреля 2022
Дата обновления
03 мая 2023
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
03 мая 2023
Ғабдуалиев Мереке Тілекұлы
Ақпарат
30 декабря 2022
Батыс Қазақстан облысының округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ХАБАРЫ

Социальные медиа

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары