Ержан Қайыржанұлы Хасанов 1975 жылы 9 шілдеде Орал облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы - орыс тілінің мұғалімі.
1997-1998 жылдары Қаратөбе аудандық білім бөлімінде мектептер жөнінде инспекторы, Мұхит атындағы Қаратөбе орта мектебінде оқу-тәрбие ісі меңгерушісі, БҚО Еуразия университетінде қазақ тілі оқытушысы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары бойынша «Стройкомплект-А» компаниялар тобының өңірлік өкілі, Атырау облысы, Атырау қаласында «Арман Импэкс» ЖШС басшысы қызметтерін атқарған.
2003 жылдан бастап «Мағжан» жеке кәсіпкері.
7-шақырылған Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты.
«AQ JOL» партиясының мүшесі.
«Мағжан» ЖК фирмасы Атырау, Қызылорда, Астана, БҚО ұйымдарын, соның ішінде мұнай-газ саласының кәсіпорындарын жеке және өндірістік қауіпсіздік жұмыстары және құралдарымен қамтамасыз етеді.
2021-2022 жылдар кезеңінде 62,0 млн. теңге салық аударымдары төленді.
Депутат демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетеді. Пандемия кезінде депутат 53000 дана ЖҚҚ, медициналық жабдықтар сатып алуға демеушілік көмек көрсетті.
Қаратөбе ауданының мектептеріне, аз қамтылған отбасыларына түрлі мәдени және спорттық іс-шараларды өткізуде жыл сайынғы демеушілік және материалдық көмек көрсетіледі.
Батыс Қазақстан облыстық «Білім-Инновация» лицейі мен БҚО шашка Федерациясының, сондай-ақ 2022 жылы республикалық «Жырлай Жайық» ақындар айтысының тұрақты демеушісі болып табылады.
Депутаттың өз қаражаты есебінен Қаратөбе ауданында балалар ойын алаңы, тарихи-өлкетану мұражайының ғимараты және Қаратөбе ауданының 90 жылдығына орай 125,0 млн. теңгеге кіреберіс арка орнатылды.