Меню

Страницы

Статья

Тлемисов Тұрарбек Тлемисұлы

Тұрарбек Тілемісұлы Тілемісов 1972 жылы 7 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Фурманов (Казталов) ауданы, Жалпақтал ауылында дүниеге келген.

Ұлты-қазақ. Білімі жоғары.

Үздіксіз еңбек өтілі 31 жыл. Үйленген, төрт баласы бар.

"AMANAT" партиясының мүшесі.

1993 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын "АӨК салаларындағы Экономика және басқару"мамандығы бойынша бітірген

2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Фурманов аудандық тұтыну Одағында жүк тиеуші болып бастаған.

1994-1999 жылдары Жалпақтал ауданының қаржы бөлімінде аға экономист, "Агроремснаб" Жалпақтал АҚ Бас бухгалтері, 1999-2003 жылдары "Абылай" шаруа қожалығының басшысы, 2003-2005 жылдары "ҚазҚұрылысСервис" директорының орынбасары, "KazTransLogistics"ЖШС директоры қызметтерін атқарған. 2005-2019 жылдары - "ОралТранс" ЖШС директоры, 2019 жылдан бастап - "Жайық Таза қала" ЖШС құрылтайшысы, онда 1500-ге жуық адам жұмыспен қамтылды.

№14 сайлау округі бойынша 6-шақырылған қалалық мәслихаттың депутаты, 2021 жылдан облыстық мәслихаттың депутаты.

Депутат демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетеді. Пандемия кезінде депутат медициналық жабдықтар сатып алуға, пандемия кезінде жұмыс істеген еріктілерге еңбекақы төлеуге, материалдық көмекке 15,0 млн.теңгеге демеушілік көмек көрсетті.

Қала мектептеріне, аз қамтылған отбасыларға (оның ішінде "Мектепке жол" акциясы шеңберінде), соғыс ардагерлеріне, қоғамдық қорларға, түрлі спорттық іс – шараларды өткізуде, сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен екі аудан ауылдарының тұрғындарына-24,0 млн. теңгеге жыл сайынғы демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетеді.

Өз қаражаты есебінен Желаево ауылында балалар ойын алаңы салынды, Жалпақтал ауылында үлкен Өзен арқылы өтетін бөгет қайта жаңартылды, Өскен ауылында трансформатор орнатылды, онкологиялық науқастарға паллиативтік көмек көрсету үшін хоспис (медициналық жабдықтармен жабдықталған) ашылды.

Дата публикации
18 апреля 2022
Дата обновления
18 апреля 2022
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
03 мая 2023
Ғабдуалиев Мереке Тілекұлы
Ақпарат
30 декабря 2022
Батыс Қазақстан облысының округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ХАБАРЫ

Социальные медиа

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары